17.05.2022
  246


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Ұшқыш

Көк жұлдызы керемет,
Көп жұлдыздың біріндей.
Көкке ұшқан самолет,
Кетті алыстап білінбей.
Ілестірмей құстарды,
Желмен бірге жарысқан!
Бұлты көшкен тұстарды,
Жарып өтіп, əрі ұшқан.
Соңын ала сарғайған,
Ақ жолағы тіпті ұзын!
Қанатында жайнаған,
Жұлдызы бар қып-қызыл!
Ту көтеріп ерлікті,
Туындатқан өлеңді.
Əлемдегі ең мықты,
Ұшқыш болғым келеді!





Пікір жазу