17.05.2022
132
Мал иесі - малтайман
Суыртпағын жел қадап,
Сар далада түнеген.
Суықбауыр табиғат
Сары аязбен іреген.
Бауырынан сыз өткен,
Сауырынан мұз өткен.
Қиыр жайлап, шет жүріп,
Қоғам малын күзеткен.
Ұлпа көбік ұлтанды,
Жасырғанда саспаған.
Боран орап отарды,
Ашынғанда саспаған.
Шопан ата – ер, тарлан,
Шелді малын төлді еткен.
Мал иесі – майталман,
Бақыт тапқан еңбектен.