17.05.2022
  138


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Дала жаңбыры

Тынышсыз боп бір сəтте кетті де ауыл,
Көк жүзінде қара бұлт соқты дабыл.
Содан кейін найзағай қылыштасып,
Қамшы үйіріп қатыгез жетті дауыл.
Жетті дауыл ай-шайға қарамастан,
Хас батырдай дұшпанмен жағаластқан.
Қырқа үстінде күркіреп, отын шашып,
Қаһарынан қалшылдап барады аспан.
Осылайша кең дала аспанында,
Басталды бір керемет қас-қағымда.
Келе жатқан жаңбырдан қатты қорқып,
Қозы-лақтар мамырап, қашты ауылға





Пікір жазу