17.05.2022
101
Қараша желі – əбігер...
Қараша желі – əбігер,
Қаптатты қара, жай бұлтын.
Қапа сап жатыр қалың ел,
Қақтаған етін май, құртын.
Асықты ауыл от жағып,
Құлағын ұстап əр істің.
Мəслихат құрып, көп тауық,
Мекендеп жатыр там үстін.
Шөмеле шөпті түтер жел,
Бұзақы қылық – онысы.
Балауса шайнап, сүт емген,
Бұзаудың күзбен жоқ ісі.