17.05.2022
  116


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Алғашқы қардың үстінде...

Алғашқы қардың үстінде,
Ауылым анау – жыл күткен.
Қырқадан төмен түстім де,
Қойнына кеттім сүңгіп мен.
Қуаныш таптым ауылдан,
Құшаққа қысты ол қуатты.
Желбегей шапан жамылған,
Жалаңтөс бабам сияқты.





Пікір жазу