meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  17.05.2022
  155


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Көгершін не деп жырлайды?

Көкке құсым жөнелді,
Қуанышпен зырлайды.
Білесің бе ол енді,
Не туралы жырлайды:
«Балаларым – көркемім,
Тойласын деп жырлайды.
Болашағын – ертеңін
Ойласын деп жырлайды.
Тербетілген гүл тегіс,
Солмасын деп жырлайды.
Жер бетінде сұм соғыс,
Болмасын деп жырлайды».





Пікір жазу