17.05.2022
  146


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Азамат

- Азамат болдың! – деді анам
Көміліп жүрген күйбеңге.
Шыбықты ат қып даладан,
Шапқылап үйге кіргенде.
Ананың сырын білгем бе?
Алдымда жодар көп екен.
Ат жалын тартып мінгенде,
- Азамат болдың! – деді əкем.
Жақсы оқып жүрдім, ес қатып,
Арқамнан қақты алақан.
Майданға кіріп түс қатып,
Көрмедім көлдей қара қан.
Қып-қызыл билет ұстатып,
- Азамат болдың! – деді Отан.
Жеңісің Отан – жемісім!
Бағасын білдім тердің мен.
Азаматыңмын, сен үшін,
Дүниеге мынау келдім мен.





Пікір жазу