17.05.2022
  139


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

«Ұя бұзба, жұмыртқаға тиме!» деп...

«Ұя бұзба, жұмыртқаға тиме!» деп
Ұрсушы еді, анам болып күйгелек.
«Жас өскінді сындырма», - деп ұрсатын
Шыққанымда шыбық атты сүйрелеп.
Күндіз сылап, көйлегімді түймелеп,
Кешке жылап, кір-қожалақ үйге кеп.
Тұрсам, əкем айтушы еді: «Шырағым,
Өз бетіңмен балаларға тиме!» - деп.
Ұя бұзба, Бұзба! деймін балама,
Өсиетің қандай ғажап, жан ана!
Əлімжеттік көрсетпе деп əлсізге,
Əкеме ұқсап түсіп жүрем араға.





Пікір жазу