17.05.2022
146
Қарашы əні, көрдің бе тамашаны....
Қарашы əні, көрдің бе тамашаны,
Шеруде жүр қазақтың қара шалы.
Қара шалдың қоңырқай костюміне,
Қалай-қалай ордендер жарасады!
Еңкіш тартқан егде деп ескермеп ек,
Қатал қабақ қарады: «Төс керме!» деп
Жас кездегі жігері, қайсарлығы,
Мен ойладым мұртына көшкен бе деп.
Оза шауып бəйге алған қатарынан,
Дəл осындай айналсаң ата ұлынан.
Қара шалды қапсыра құшақтай ап,
Сүйіп алғым келеді сақалынан!