17.05.2022
  159


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Түрікмен көрші

Қос тамшыдай тағдыры
Екі кедей бар еді.
Бірі – қазақ, ал бірі,
Жас түрікмен бала еді.
Қанышер бай – иенің
Қолында еді өмірі.
Аттың жалы, түйенің
Қомында еді өмірі.
Көсем берген бақытқа,
Кенелеп еді екеуі –
Ел нығайған уақытта,
Теңеліп еді екеуі.
Барып құмға сол бала,
Болды түрікмен шопаны.
Қазаққа да – кең дала,
Ақтылы қой отары.
Арғымақтай желді ме?
Уақыт қалай өтеді!
Талай жылдан соң, міне,
Кездесіпті екеуі.
Қазақ қала, даланы
Аралатты досына,
Досы таңдай қағады,
«Уақыт деген осы да!»
Серпіп қойып сеңсеңін,
Зəулім үйге кіреді.
«Еңбегіңе мен сенің
Ризамын!» деп күледі.
«Өшсін қорлық іздері,
Бауырым, - деді түрікмен.
Білек түгіл, біздегі
Жүректер де біріккен.
Оралмайтын кетті ізбен,
Көне күндер, тегінде.
Мына күнге жеткізген
Мың рақмет, Ленинге».
Бəрі, бəрі есімде,
Деп, - маңайды барлайды.
Екі достың төсінде,
Алтын жұлдыз жайнайды.
«Қонақ болып кел, онда
Поезға өзің мініп пе ең?!»
Деп əзілдеп вагонда,
Қол бұлғады түрікмен.





Пікір жазу