17.05.2022
  130


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Шевченко

Думанды қала – бағстан,
Түседі көзге алыстан.
Теңіздің бойын жағалап,
Шағала үйлер жарысқан.
Ал кеше, аптап, шөл еді,
Күн нұры сүйген көне еді.
Тарастай талай ақынның,
Тілінде арман көп еді...
Қараңғы, қатал заманда,
Қамалып қапас қамауда.
Қаһарман кобзарь жырлады,
Келерін бақыт Адамға.
Даланы сүйді тағы да,
Украинасын сағына.
Үмітпен шыбық қадады, ол
Айналды Тарас бағына.
Ақ мəрмəр тастап қаланып,
Шевченко атты жаңа алып,
Күліп тұр сəби – жас қала,
Теңіз бен шөлден жаралып.





Пікір жазу