17.05.2022
131
Бөбек
Бейбіт күн!
О қандай əдемі!
Жайнайды кең аспан əлемі.
Күлімдеп көшеде келеді,
Бақытты заманның бөбегі.
Маңайда гүл көктем көгілдір,
Қарайды гүл көктен төгіп нұр.
Сəбидің күлкісін нұрлы еткен,
Гүлді еткен өмір бұл, көңіл бұл!
Қауызын жаңа ашқан гүлдер де
Бақыттан əн айтар бұл жерде.
Аналар əрқашан бақытты,
Бөбектер шаттанып жүргенде.