17.05.2022
585

Арайлы атсын таңымыз
Бүгін соңғы қоңырау,
Келдік міне бәріміз.
Қуанышқа бастайтын,
Арайлы атсын таңымыз.
Шәкірттердің жүзінде,
Болмасыншы қайғы-мұң.
Білім күні қайтадан,
Жолыққанша жайлы күн.
Түлектерге сәттілік,
Жаңа оқу жылына.
Студенттік өмірді,
Жүріңдерші ұғына.
Хош аман бол ұстаздар,
Сіздерге бас иеміз.
Баршамызға жар болсын,
Жаратқан бұл иеміз!