17.05.2022
175
Болмасын қайғы-мұңдарың
Түлектер-ау, түлектер,
Қанат байлап барасың.
Соңғы қоңырау үнімен,
Жалғап сен күндер арасын.
Жаңа өмірің сыйласын,
Бал-қаймағын әр күннің.
Бар жақсысын жинасын,
Көтеріліп көңілің.
Жаратқаным жар болсын,
Жоғарғы оқу орнында.
Арайлы атар таң болсын,
Таңды жалғап таңыңа.