17.05.2022
  1979


Автор: Соңғы қоңырау күні

Ұстаздарға мың алғыс

Ұстаздарға мың алғыс,
Бізге білім беретін.
Шәкірттерге шынайы,
Нұр сәулесін төгетін.

Ұстаздарға мың алғыс,
Тәрбиелеп өсірген.
Бұзық болсақ біздерді,
Қате бассақ кешірген.

Ұстаздарға мың алғыс,
Айтамыз біз жүректен.
Соңғы қоңырау күнінде,
Ізгі ниет, тілекпен.





Пікір жазу