17.05.2022
  569


Автор: Соңғы қоңырау күні

Түлектерміз бітірген

Түлектерміз бітірген оқу жылын,
Түлектерміз таңдайтын оқу түрін.
Көп рахмет ұстаздар көп рахмет,
Тыным таппай біздерге берген білім.

Көп рахмет ұстаздарым сіздерге,
Бар жақсыны үйреттіңіз біздерге.
Амандықты біз сіздерге тілейміз,
Шын жүректен алғыс айтып сіздерге.

Жүзіңізде қайғы-мұңдар болмасын,
Жемісті күн тек сіздерге орнасын.
Жаратқаным жар боп әркез сіздерге,
Тек қуаныш таба берсін жалғасын.





Пікір жазу