17.05.2022
1224
![](/uploads/shorttexts/author_image/poslednii-zvonok.png)
Түлектер үнімен
Қанат қағып барамыз біз жыраққа,
Он бір жылды артқа сап міне біздер.
Қош бол менің мектебім, ұстаздарым,
Білім нәрін бердіңіз бізге сіздер.
Мектебіме мың алғыс түлеп ұшқан,
Ұстаздарға мың алғыс шын жүректен.
Еңбектерің еселеніп артсын бағаң,
Арманыңыз орындалып көптен күткен.
Сіздер бізге үйреттіңіз оқуды да,
Жазу жазып үйрендік білім алып.
Көп рахмет ұстаздар сіздерге бұл,
Ізгіліктің бердіңіздер жолын салып.
соңғы қоңырау 25 мамыр соңғы қоңырау күні соңғы қоңырауға тілек соңғы қоңырау ұстаздарға тілек ұстазға тілек мұғалімге тілек ұстазға алғыс айту мектепке алғыс айту