17.05.2022
421
![](/uploads/shorttexts/author_image/poslednii-zvonok.png)
Бүгін соңғы қоңырау
Бүгін соңғы қоңырау
Демалысқа шығатын.
Түлектері мектептің,
Хоштасу кеш қылатын.
Бүгін соңғы қоңырау,
Ұстаздармен қоштасар.
Алғыстарын жаудырып,
Шәкірттері хат жазар.
Бүгін соңғы қоңырау,
Демалысқа бастайтын.
Түлектерге жол ашып,
Сәттілік қып қоштайтын.