17.05.2022
191
Мәңгілік класс
Оқуда озат,
Зерек еді,
Үлгілі,
Қызық болды қысқа ғана тірлігі.
Ол жасаған кіп-кішкентай мүсіндер
Көрмелерде тұрар ма еді бір күні...
Сияқты еді менің жалғыз қанатым,
Ұшқан кезде алысқа алып баратын.
Кіп-кішкентай болса-дағы кей кезде
Үлкендерше ойға батып қалатын.
Әке деп те айта алмады айғайлап,
Айдын Балқаш алып кетті мәңгі айдап.
Суға кетіп қалды-дағы
Мәңгілік
Сыныбында қалып қойды ол бейбақ.
Оқуда озат,
Зерек еді керемет,
Өскенде де алғыр болар деген ек.
Бірінші бітірген соң кетті де,
Екіншіде мәңгі қалды, не керек!