17.05.2022
  113


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Іздегенін молырақ қып таппаған...

Іздегенін молырақ қып таппаған,
Жоғалтып ап «алтындарын» сақтаған.
Адамдарды жиі көріп жүрміз ғой,
Бұл өмірді балағаттап даттаған.
Жыр бар менде бақытқа да бергісіз,
Соған ғана бере аласыз төрді сіз.
Сондықтан да екі ойлымын, жолдастар,
Өлемін бе, өлмеймін бе белгісіз.





Пікір жазу