17.05.2022
137
Жапырағы жасыл тартып жылдардың...
Жапырағы жасыл тартып жылдардың,
Өтті зулап жиырма төрт жыл, гүл жардым.
Қалған ғұмыр маған аздық жасайды,
Өмірге екі келмеймін деп мұңдандым.
Уақыт – бұзық бір қарамай обалға,
Бір күндері бізді мүмкін тонар ма.
Мен өмірге енді оралып келмеймін,
Мүмкін соның өзі қызық болар ма.