17.05.2022
  109


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Тірі жүрсең бір ғұмыр өткересің...

Тірі жүрсең бір ғұмыр өткересің,
Өштесесің,
Біреуге кектенесің.
Көз жеткізгің келмейді бар нәрсеге,
Ақиқатты аяусыз жек көресің.
Шындық үшін ешқашан сөкпе мені,
Өтіріктің маған да жоқ керегі.
Қорқасың сен шындықтан,
Кім де болса
Ең қорқатын нәрсесін жек көреді.





Пікір жазу