17.05.2022
  272


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Сұлу қыздар

Қыздар, қыздар армансыңдар,
Жақынырақ келмейсіңдер
Қандай қызық жандарсыңдар
Сөздеріңді бермейсңдер.
Өздеріңе жүрегіміз,
Үмітсіңдер, ғұмырсыңдар
Бірің емес, білеміз біз
Бәрің-дағы сұлусыңдар.
Жақын келіп жанымызға
Қашан жылы қарайсыңдар
Біздердің де жанымыз бар
Түсінбейтін қалайсыңдар.
Ойлайсыңдар білеміз деп,
Уәдеден қайтасыңдар.
Қашан бізге сүйеміз деп
Өздерің сөз айтасыңдар.





Пікір жазу