17.05.2022
  113


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Менен асқан бақытты жан жалғанда...

Менен асқан бақытты жан жалғанда,
Жер бетінен сүрлеу-соқпақ салған ба?
Мен басымды бара жатам тік ұстап,
Сендей ару қолтығымнан алғанда.
Артық айтып қойсам егер шамданба,
Көп сұлулар соған жетпей – арманда.
Сен де өзіңді қоярға жер таппайсың,
Ақын жігіт қолтығыңнан алғында.





Пікір жазу