17.05.2022
  129


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Ғашықтың сөзі – нағыз сөз

Көріп пе едің,
Қандай қыз,
Қыз болғанда,
Жанып кете жаздаймын қызғанғанда.
Алғыс айтам жанымды шын түсініп,
Осы қыздан күдерін үзген жанға.
Бұндай қызды өмірде бір іздерсің,
Іздемесең күдерді шын үзгенсің.
Теңесем де болады жоққа, мейлі,
Қыз емес-ау, бал қосқан қымыз дерсің.
Енді басқа іздеймін төте жолды,
Шуылдатып қайтемін бекер елді.
Басым ауып
Жол түскен жаққа қарай
Не де болса сол қызбен кетем енді.





Пікір жазу