17.05.2022
  111


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Мен сені даладан іздедім...

Мен сені даладан іздедім,
Самал боп есіп тұр ма деп.
Сенделіп қаладан іздедім,
Жоқ әлде кешіктім бе деп.
Мен сені таулардан іздедім,
Бұлт болып қалқып жүр ме деп.
Сенделіп баулардан іздедім,
Бақытқа балқып жүр ме деп.
Базарлы көлдерден іздедім,
Аққу боп жүзіп жүр ме деп.
Сазарған шөлдерден іздедім,
Күдерін үзіп жүр ме деп.
Сағынған кездерден іздедім,
Төзімге күз кеп жүр ме деп.
Қап-қара көздерден іздедім,
Мені де іздеп жүр ме деп.





Пікір жазу