meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  17.05.2022
  175


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Бірде – отпын...

Бірде – отпын,
Бірде – ну,
Бірде – көлмін,
Бірде – дауыл,
Бірде – бұлт,
Бірде шөлмін.
Кеудемді ұрып,
Тартысқа түсу үшін,
Талқысымен тағдырдың жүздесермін.
Сондай кезде соқса да қара суық,
Мейлі, болып қалсам да дара шыбық
Әлсіз,
Нәзік,
Әдемі жан жарымнан
Мықтылықты күтемін аласұрып.





Пікір жазу