17.05.2022
136
Сенің ойнап лақтырған кесегің...
Сенің ойнап лақтырған кесегің,
Тигізбесін ешкімге де кеселін!
Сұрамасқа болар, - дейді үлкендер,
Қайғылыдан бақыттың не екенін.
Биік таудың кім жайласа да етегін,
Сол біледі бұлттардың да мекенін.
Сұраған да жөн-ау, - дейді үлкендер,
Бақыттыдан қайғының не екенін.