17.05.2022
135
Бір көңілдің толтырам деп кетігін...
Бір көңілдің толтырам деп кетігін,
Ішкендей-ақ шараптың да не түрін,
Ішемін мен.
Маған дайын тұрады
Шарап тектес ащы,
Тәтті екі күн.
Күндер,
Күндер болашаққа көшіңдер,
Түзетеді жиып беріп қосынды.
Ащылығы жүрегімді ауыртып,
Тәттілігі жиғызбайды есімді.