17.05.2022
166
Қамыс ертегісі...
Айдын Балқаш.
Көл жағасы.
Қамыстар.
Көл бетінде бір керемет ағыс бар.
Толқындарды толқын қуып жағаға,
Ұмтылады
Кеткісі кеп далаға.
Бірде жалғыз қалдым қамыс ішінде,
Өң түгілі,
Шошымап ем түсімде:
Шыға келді шұбарала жолбарыс!
Жолбарысқа қарсы менде бар ма күш?!
Қорқыныштан тұла бойым дірілдеп,
«Өлді деген осы»,- дедім күбірлеп.
«Өлді деген осы»,- дедім соңғы рет,
Көл де сонда жылап тұрды мөлдіреп.
Жанды қимай тұрғанымда бір шыбын,
Нар қамыстан шыға келді ту сиыр.
Жалт бұрылып,
Жолбарыс та ақырып,
Мені тастап,
Кетті соған атылып.
«Осы нені шатып-бұтып отырсың»,-
Деп кінәлап жүрме мені, оқушым.
Қазір көлде
Жоқ керемет нар қамыс,
Нар қамыс жоқ,
Жоқ және де жолбарыс.
Мұны, досым,
Кері ойламай қалай да,
Жоғалғанды жоқтағаны деп ойла.