17.05.2022
  157


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Қызыл бидай

Қуырылған бидайды көрген бе едің?
Оған ешбір дәнді мен теңгермедім.
Майға басқан бидайдың бал дәміне
Балалығым өшігіп өлген менің...
Қазір ақ нан дүкенде тұр қаланып,
Тың далада мол егін ырғалады,
Ас қалдығын жегісі келмей кейде,
Шынжырдағы итің де бұлданады.
Дидарымен тоқшылық балбыраған,
Ұсынады ып-ыстық нанды маған.
Күлше нанды көргенде,
Баяғы өткен
Түседі еске сәттерім сан жылаған...
Жалындайды алаулап жүзің нұрдай,
Жазым қандай!
Ғажайып күзім мұндай
Бас иейін мен саған
Сен де маған
Қарай берші нұрланып
Қызыл бидай!





Пікір жазу