17.05.2022
  174


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Ұлы дала, өзің жайлы сөз бөлек...

Ұлы дала, өзің жайлы сөз бөлек,
Суық тілін сумаңдатса бездіріп.
Шамырқанбай, шатынамай шыныңмен,
Солай жата бермекпісің көз жұмып.
Өзіңді ұлың сүйе алмады бабамдай,
Өзіңді олар жүр-ау сірә таба алмай...
Ұлы дала, түсші ақырын бір аунап,
Есер ұлың есін жиып алардай.





Пікір жазу