17.05.2022
  70


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Жыладым мен жерді сонша текпілеп...

Жыладым мен жерді сонша текпілеп,
Құлағандай тұрған діңгек көк тіреп.
Жұрт жұбатты сонда мені нағашың,
Күріш алып келу үшін кетті деп.
Күріш те жоқ. Қинағаны сол мені,
Нағашымның өзі де енді келмеді.
Содан кейін менің сәби жүрегім,
Шындығыңның өзіне де сенбеді...





Пікір жазу