17.05.2022
125
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-05-16-09-46-55.png)
Егер мені қуып кетсе тағдырым...
Егер мені қуып кетсе тағдырым,
Сен өзіңді мықтап ұстап қал, гүлім,
Далам, тауым, көк өзенім, шалғыным,
Тек өзіңе қалдырамын барлығын.
Сақтаушың да, жәрдемшің де еңселі,
Қорлық көрсең тиетін де ең себі.
Бұлар сені жұбатады мәңгілік,
Осыларға тапсырамын мен сені.