17.05.2022
  114


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Сан ғасырлар жапырақты жамылып...

Сан ғасырлар жапырақты жамылып,
Терегіңе ұя салған самұрық.
Шеттеп кеткен талай құстар сағынып,
Туған елге қайтып жатыр сабылып.
Отанымның ормандары, жырлаңдар,
Жолға шықсам қолдарыңды бұлғаңдар.
Жат мекенде күліп өле алмайды,
Сенде жылап туғандар.





Пікір жазу