17.05.2022
  121


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Ғұмыр кешіп, осынау жұрт қатарлы...

Ғұмыр кешіп, осынау жұрт қатарлы,
Жалғастырып жатқанда ұзақ сапарды.
Сәл қисайсам тарс түйетін қабағын,
Әкем секілді өмір маған қатал-ды.
Ренішпен келе жатам мен жүдеп,
Желге қарсы селдір шашым желбіреп.
Сол кездерде бар мейірін төгеді-ай,
Анам секілді өмір маған елжіреп.





Пікір жазу