17.05.2022
170
Тораңғы тоғайы
Тораңғының тоғайы бір әуенге көміліп,
Түнде көктен маржандар тұрады екен төгіліп.
Қалғып-мүлгіп толқындар келе жатқан ән тыңдап,
Жағадағы жартасқа оянады соғылып.
Жолаушы сен, ұрлатып ұзақ түнге ұйқыңды,
Сол бір әнді тыңдайсың ғайыптағы сүйкімді.
Сол бір әнге елітіп жоғаласың адасып,
Құшағында тораңғы тоғайының – сиқырлы.
Ғажайып ол дүние адам айтса сенгісіз,
Адастыңыз,
Таң атпай шыға алмайсыз енді сіз,
Ел айтады аңыз қып сиқырлы әннің иесі.
Сол тоғайда бар дейді періште қыз белгісіз.
Саялайды көңілді ән,
Аямайды түн сыйды,
Аймалайды,
Сүйеді,
Қытықтайды,
Шымшиды,
Үнге толып кеудесі, қосылып сол әуенге,
Тораңғының тоғайы түніменен сыңсиды