meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  17.05.2022
  152


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Қысқы жол

Артқа заулап терек – тал,
Сеуіп аспан, елеп қар.
Ақ шананы ойнатып,
Ұшады алға жел – аттар.
Қара, төмен, жоғары,
Бітер емес жол әлі.
Бұлт ішінде бұлдырап,
Күн де заулап барады.
Қысқы дала сиқырлы,
Қысқы әуен сүйкімді.
Ал, ақ шанаң тербетіп
Келтіреді ұйқыңды.
Аппақ әуен, жоғалма,
Ашық күнде, боранда.
Ақ шаналар, дауылдап,
Заула, заула тек алға.





Пікір жазу