17.05.2022
130
Бір заманда сертке ұсталған алдаспан...
Бір заманда сертке ұсталған алдаспан,
Қабырғада тұр ілулі, шаң басқан.
Сескендеріп өтсе-дағы талайды,
Бұл күндері тыныштықты қалайды.
Жүзі де оның салмақты, һәм байсалды,
Ұстағысы келгендерге ой салды.
Ал жігерсіз, жалтақтарға: «Мұңданбай,
Жастығыңда жарқылда», – деп тұрғандай.