17.05.2022
220
Қазақы өлең
Өмір,
Сенің арнаңа түciп ақтым,
Толқын-толқын күндерді ұшыраттым.
Бізің бастан бip дәурен жалт береді
Үйіріндей үpiккeн қысырақтың.
Жарық таңның жалқыны
Жалғасқаным,
Ардың әнi шырқаған алғашқы әнім.
Мұнар-мұнар мұнартқан бip керуен
Мендегі мұң бауырым,
Сәл басқа мұң.
Жыр қақтадым жанымның жалынына,
Ырғақтарым шабыттың шарығына.
Кайралды да...
Қосылып күңіренді
Шалдар шалған қобыздың сарынына.
Дүр дүние,
дүрмек пе,
дүрбелең бе?
Белгі болып қалармыз бip белеңде.
Осы өленді жазбай-ақ қояр едім
Жалғандығын жалғанның білмегенде...