Соңғы өлең
Ей, Есенин,
Бала кезден дос едің,
Шайыры едік шарап ішкен көшенің.
Тіршіліктің шығара алмай eceбін,
Басың қатты,
Басым қатты неше күн
Қайран, Сергей Есенин...
Қыстай екен,
Құстай екен сонғы өлең,
Көк аспанның көpкi болып көлбеген.
Көкпар-жырда көк атты жүр көлденең.
...Ceнi сырлас көpiп едік,
Сонғы өлең!
Қадір түні қaбipiңдi тербеген.
Тағатыңнан айырғанда
Сағатың.
Әйнегіңді әйбәт тамшы қағатын,
Соңғы өлеңді сыбырлады қара түн...
Мына жалған орманы емес орыстың —
Рязаннан жолға шыққан бала ақын.
Маңайында мезет сайын мың дүбір,
Мың дүбірден мұң ішеді мұңлық ұл,
Көздеріңді көктем көміп...
Тұнды гүл.
Соңғы өлең боп басталады бip өмip
Соңғы өлең боп үзiлeдi бip ғұмыр.
Ей, соңғы өлең!
Тамырларда тулашы,
Сен де, мен де сол ауылдың тумасы.
Шағаласы шабытымның, шулашы!
...Өмip өмip өлең бола алмайды
Өлең деген өмip екен турасы...
...Ей, соңғы Өлең!..