16.05.2022
  150


Автор: Ғалым Жайлыбай

АНАДОЛЫ анасындай түріктің...

Біздің бастан өткен тағдыр не түрлі,
Үзілерде жiбiн жалғап үміттің.
Атажұртын сағынатын ceкiлдi
Анадолы анасындай түріктің.
Тереңдегі тамырыңның бipi едім.
Баянды күн басымдағы бақ деңіз.
Түріктердің тербетеді тілегін —
Қара теңіз,
Мәрмәр теңіз,
Ақ теңіз.
Шынарыңның шың басында шырқауы,
Жолдарымыз бастағанда жоғары.
Көкжал мінез көк түріктің ұрпағы —
Түбі бірлер түбінде бір болады.
Беу, Түркі елі,
Арайлы алтын күнім ең,
Ертегім де
Ертеңім де — Елдігім,
...Көкбөрінің талып жеткен үнінен —
Рухымды іздеп келдім мен бүгін





Пікір жазу