16.05.2022
  118


Автор: Ақұштап Бақтыгереева‎

Айналаға аппақ нұр

Айналаға аппақ нұр
Құйылып тұр.
Орман алтын көйлегін
Киініп тұр.
Таңғы ауадан ақ сәуле
Тарайтындай.
Аңшы жолы болғанын
Қалайтындай.
Орман деген сұлулық
Осы-дағы.
Ақ бөкеннің іздері
Жосылады.
Аңшы жолы бөктерде
Қиындаған.
Тазы кетіп барады
Құйындаған.
Айналаға аппақ нұр
Құйылып тұр.
Орман алтын көйлегін
Киініп тұр





Пікір жазу