16.05.2022
  154


Автор: Ақұштап Бақтыгереева‎

Жыршы етіп мені ұшырған...

Жыршы етіп мені ұшырған,
Сергелях, қане, армысың!
Келемін аңсап құшуға,
Бірге өскен достар, бармысың?!
От болып жанған төсіңде
Қарттығын көрмей бәрінің,
Қалдың ба сақтап есіңде
Жастықтың сонау жалынын?!
Көзге ыстық сол бір бөлмеде
Көп күнім менің тойланды.
Толастап шуыл көрмеген
Төртінші корпус қайда әлгі?!
Сергелях, сені сағындым,
Өзіңде менің жас шағым.
Сен – лебі жастық жалынның,
Махаббат жайлы дастаным.
Өзіңе жер тең келер ме,
Лайық не сый арнасам?!
Жаңадан жазған өлең де
Сен жайлы болмақ әрқашан.





Пікір жазу