16.05.2022
143
Аңғармай өң мен түстің не екенін де...
Аңғармай өң мен түстің не екенін де,
Жүрейін бал сезімнің жетегінде.
Сен мені алдарқатып, абайсызда
Алып қаш алыс жолға кетеріңде.
Білдірмей ішкі сырды күліп кел де,
Айтып қой ат әкел деп жігіттерге.
Қыздардың әдеті бар келіспейтін,
Бұлқынсам, сүймейді-ау деп күдіктенбе...
Жоқ, ойым жоқ ондайға көнсем деген,
Алып қашсаң ермеймін өлсем де мен.
Бұл менің жай әншейін қиялым ғой
Жігіттен батыл мінез көрсем деген.