16.05.2022
  155


Автор: Ақұштап Бақтыгереева‎

Жерлестер, едіңдер ғой қайсар бәрің...

Жерлестер, едіңдер ғой қайсар бәрің,
Ақынға қалдырыңдар ой салмағын.
Шыңдалған арпалыстың сан түрінен,
Тәңірім қуат берсін, жайсаңдарым.
Шыдаңдар, сыр бермеңдер, ұяттылар,
Кеудеден «көбік шашқан» күй атқылар.
Өр толқын қанша соқса міз бақпайтын
Жайықтың жарқабағы сияқтылар!





Пікір жазу