15.05.2022
  153


Автор: Ақұштап Бақтыгереева‎

Ей, бойжеткен, самала кеш, салқын бақ...

Ей, бойжеткен, самала кеш, салқын бақ,
Жас жігітке сайқалдана жарқылдап,
Сен отырсың жұмақ жасап өмірді,
Мән-маңызын түсінбейтін ән тыңдап.
Ей, бойжеткен, неге маған қарадың?
Өз жайыма аулақ кетіп барамын.
Тастап кеткен сәбиіңнің көзіндей
Мөлдірейді алдыңдағы шарабың.





Пікір жазу