15.05.2022
146
Ақ құйын болсаң, мені де кет бір тербетіп...
Ақ құйын болсаң, мені де кет бір тербетіп,
Ауырса жаның дауылдарға ал емдетіп.
Көлденең сөзге құлағың салма, пендеде
Болуы мүмкін кем-кетік.
Күле алмай қалсаң, ойлардан ауыр
іш тұнып,
Қалшылдап тоңсаң аяздар қарып үскірік.
Өзіңе қастық жасаған жанның есігін
Күліп аш.
Ол да күштілік!