15.05.2022
176
Алдымда мен баспаған белес тұрар...
Алдымда мен баспаған белес тұрар,
Жетем деп қуа алмаймын елесті бар.
Даңққа, биікке де таласпаймын,
Мүмкін ол мықтылығым емес шығар.
Емеспін о бастан-ақ елесқұмар,
Жөнсізге әділ жүрек не деп шыдар?!
Жеңем деп ақымақты таласпаймын,
Мүмкін ол сорлылығым емес шығар.