15.05.2022
  135


Автор: Ақұштап Бақтыгереева‎

Алатауға

Самалың жұпар аңқып, бетке ұрар,
Сабырлы қыз мінезің көпке ұнар.
Сан ғасыр аты әйгілі бұлақтарың
Сүймесем, жырламасам, өкпе қылар.
Көрікті келбетіңе жарасты тым
Көгілдір аспанменен талас шыңың.
Көп жылғы ақша қарың төбеңдегі
Кір шалмас жаулығындай анашымның.





Пікір жазу